Отчет по оказанным услугам ГКП на ПХВ «Кызылорда су жуйеси» на 2025-2026 годы
«Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның негізгі міндеті қала тұтынушыларын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мен сарқынды суларын бұру және тазарту болып табылады.
Қазіргі таңда, орталық ауыз су жүйелеріне қосылған 89 357 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде, жеке тұлғалар – 84 426 тұтынушы, бюджеттік мекемелер – 266, шаруашылық және өзге де тұтынушылар – 4 665.
Қала тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, күз-қыс мезгілінде тәулігіне 46 мың, ал көктем-жаз мезгілінде 54 мың текше метр ауыз су өндіріліп таратылды. Орталық ауыз су жүйесіндегі 2,2-2,4 қысыммен қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
Ауыз су сапасы Қазақстан Республикасында бекітілген стандарттарға, яғни 2874-82 ГОСТ-қа сай келеді. Ауыз су сапасы кәсіпорынның базалық зертхана мамандарымен күнделікті тексеріліп бақыланады, сонымен қатар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен қадағаланады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша теңгеріміндегі нысандар:
- Бас су жинау кешені
- 976,12 шақырым (км) ауыз су жүйелері, (тозу деңгейі – 16,31% - 159,2 км.)
- 454,14 шақырым кәріз суды бұру жүйелері, (тозу деңгейі – 18,9% -85,8 км)
- 67 кәріздік насос станциялары,
- Биологиялық тазарту станциясының 2 кешені,
- 112 бірлік жер асты ауыз су ұңғымалары,
- 11 бірлік II-ші су көтеру насос станциясы,
- судың қысымын көтеруге арналған 6 бірлік насос станциялары халыққа қызмет көрсетеді.
- автокөліктер мен арнайы техника саны – 58 бірлік,
2025 жылдың мамыр айында қалалық ауыз су жүйелері мен су алу құрылымдарының таза су резервуарларына жоспарлы жуып-шаю және зазалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Инвестициялық бағдарлама.
2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама жалпы сомасы 1 378 617,538 мың теңге көлемінде бекітілді, оның ішінде: жергілікті бюджет есібінен 1 083 242,644 мың теңге және меншікті қаражат есебінен 295 374,894 мың теңге.
Қазіргі уақытта инвестициялық бағдарлама 1 240 284,921 мың теңге сомасына орындалды, оның ішінде: жергілікті бюджет есібінен 1 083 242,644 мың теңге және мекеменің меншікті қаражат есебінен 157 042,277 мың теңге.
Сумен жабдықтау бойынша жалпы сомасы 1 076 611,508 мың теңге болып бекітіліп, 1 041 953,908 мың теңгеге орындалды. Аталған қаражат есебінен 5,9 шақырым ауыз су құбырлары қайта жаңғыртылды, 3 дана ауыз су ұңғымалары бұрғыланды, 50 дана өрт сөндіру гидранттары орнатылды, сондай-ақ 32 дана насос қондырғылары сатып алынды.
Сарқынды суды бұру қызметі бойынша жалпы сомасы 302 006,030 мың теңге болып бекітіліп, 198 331,013 мың теңгеге орындалды. Аталған қаражат есебінен 712 метр кәріз құбырлары қайта жаңғыртылды, 1 дана кәріз сорғы станциясы қайта жаңғыртылды, 3 дана насос қондырғылары сатып алынды, сондай-ақ диаметрі 530 мм болатын 120 метр болат құбырлар сатып алынды.
Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары
Ауыз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 27,1 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 30,1 млн. теңге, 111,07%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 16,8 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 16,9 млн. теңге, 100,6%.
Сарқынды суды бұру нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 21,3 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 22,8 млн. теңге, 106,8%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12,1 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 12,09 млн.теңге, 99,3%.
Кәсіпорын теңгеріміндегі барлық ауыз су және сарқынды суды бұру нысандарының қалыпты жағдайда жұмыс жасауы үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарамсыз заттары ауыстырылып, уақытылы жөнделуде.
Атап айтқанда:
- Ауыз су мен кәріз су жүйелерінде жалпы саны 83 дана ашып жабу ысырмалары мен кері клапандары жаңадан ауыстырылды
- 461 метр ауыз су және кәріз су жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Ауыз су және кәріз су жүйелеріндегі қарау құдықтарының тозығы жетіп жарамсыз болған 45 дана темірбетонды жабындылары және 25 дана темірбетонды кольцалары жаңаға ауыстырылды
- Барлығы 266 дана шойын қақпақ орнатылды
- Ұңғымаларға 24 дана, кәріз насос станцияларының 59 бірлік насос қондырғыларына және 6 бірлік электрқозғалтқышына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Арнайы техникалардың 37 бірлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы ауыз су жүйелерінде барлығы 610 ақаулы жағдай орын алып, оның барлығы қалпына келтірілді. Сарқынды су жүйелерінде барлығы 1200 ақаулы жағдай орын алып, олардың барлығы қалпына келтірілді.
Ақаулы жағдайларды болдырмау мақсатында, кәйсіпорынның бекітілген кестеге сәйкес, алдын-ала жөндеу жұмыстары (ППР) уақытылы жүргізілуде
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша тарифтік сметасы
Жалпы 2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың ақпан айына дейін 10 айында өндірілген су 15 853,72 мың текше метр, нормативті техникалық шығындар 16,62%, яғни 2 634,89 мың текше метр, таратылған су көлемі 13 218,83 мың текше метр.
2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың ақпан айына тарифтік сметада тұтынушыларға ауыз су таратуға бекітілген көлемі 13 218,83 мың текше метр. Оның ішінде:
- Халық 9 761,67 мың текше метр;
- Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 263,49 мың текше метр;
- Бюджеттік мекемелер 1 131,40 мың текше метр;
- Тұтынушылардың басқа топтары 2 062,27 мың текше метр.
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша 2025-2026 ж.ж. нақты барлық шығындар млн.теңге құрады, оның ішінде:
- шикiзат және материалдар – 21,85 млн.теңге;
- жанар-жағар май – 14,35 млн.теңге;
- энергия қуаты – 292,07 млн.теңге;
- отын – 2,7 млн.теңге
- еңбек ақы – 505,84 млн.теңге;
- инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 58,89 млн.теңге;
- ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 47,0млн.теңге;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік – 2,65 млн.теңге;
- басқада өндірістік шығындар – 18,45 млн.теңге;
- салықтар – 79,5 млн.теңге;
- Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі және «Нұрлы жол» несие
төлемдері – 349,18 млн.теңге;
- әкімшілік шығындар – 53,9 млн.теңге.
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық табыс 1 354,68 млн.теңге, ал шығындар 1 446,38 млн.теңгені құрады. Яғни кәсіпорын ауыз су қызметі бойынша – 91,7 млн.теңге зиянмен шықты.
2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың ақпан айына қорытынды бойынша ауыз судың 1 м³ орташа құны 109,43 теңгені құрады.
Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы
Жоспар бойынша 2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың ақпан айына нақты орындалғаны 6 408,6 мың текше метр
- Халық 3 665,5 мың текше метр;
- Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 42,5 мың текше метр;
- Бюджеттік мекемелер 1 044,3мың текше метр;
- Тұтынушылардың басқа топтары 1 656,3 мың текше метр
Кәсіпорынның сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындары 1 030,03 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- шикiзат және материалдар – 1,5 млн.теңге;
- жанар-жағар май – 16,7 млн.теңге;
- энергия қуаты – 90,9 млн.теңге;
- еңбек ақы – 668,6 млн.теңге;
- инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 98,2 теңге;
- ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 34,9 млн.теңге;
- арнайы киім және арнайы тамақ – 1,4 млн.теңге;
- басқада өндірістік шығындар – 13,7 млн.теңге;
- салықтар – 16,2 млн.теңге;
- әкімшілік шығындар – 45,2 млн.теңге.
- «Нұрлы жол» несие төлемдері- 42,7 млн.тенге
Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындар 1030,03 млн.теңге болса, барлық табыс 825,97 млн.теңге құрады, яғни кәсіпорын – 204,06 млн.теңге зиянымен шықты.
2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың ақпан айына бекітілген көлемі қорытынды бойынша сарқынды судың 1 м³ орташа бағасы 160,73 теңгені құрады.
Тұтынушылардың су өлшегіш құралдарының көрсеткіштерін мекеме қызметкерлері смартфон арқылы алып сол мезетте дерекқор базаға түсереді. Дерекқор базаға түскенне кейін тұтынушының пайдаланған қызметтерінің көлемі есептеліп қарызы анықталады. Осы қызметтердің қарыздарды онлайн түрде каспий банктің қосымшасымен және тұтынушыға шот хабарлама беріледі. Каспий банк арқылы төленген соммалар 2 минут ішінде дерекқор базаға түседі.
Тұтынушыларға яғни, жеке және заңды тұлғаларға арналған колл центр орталығы жұмыс жасайды.
2026 жылдың 01 наурыз айына кәсіпорынның дебиторлық қарызы 552,1 млн. теңге, оның ішінде:
- халық - 433,45 млн.теңге.
- бюджет – 25,63 млн.теңге
- басқа да тұтынушылар – 93,02 млн.теңге.
2026 жылдың 01 наурыз айына кәсіпорынның кредиторлық қарызы 1080,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- Еңбек ақы - млн.теңге
- Салықтар – 649,0 млн.теңге
- КТЭЦ – 45,2 млн.теңге
- КРЭК – 60,3 млн.теңге
- Энергосервис – 248,6 млн.теңге
- Жеткізушілерге – 77,4 млн.теңге




