Сall-центр
понедельник - пятница 8:00 - 18:00
Диспетчер
Аварийно-Диспетчерская служба 24/7
kk ru

ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2023 жылдың бірінші жарты жылына көрсетілген қызметтер бойынша есебі.


«Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі міндеті қала тұтынушыларын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету және  кәріз суларын бұру мен тазарту болып табылады. 
Қазіргі таңда, орталық ауыз су жүйелеріне қосылған 84119 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның  ішінде:
  • жеке тұлғалар – 79851 тұтынушы, 
  • бюджеттік мекемелер – 250 тұтынушы,
  • шаруашылық  және өзге де тұтынушылар – 4018 тұтынушы.
 
         Қазіргі таңда күнделікті тәулігіне 100,7 мың текше метр ауыз су өндіріліп таратылуда. Оның 53,8 мың текше метрі ұңғымалар арқылы берілуде.
Ауыз су сапасы Қазақстан Республикасында бекітілген стандарттарға, яғни 2874-82  ГОСТ-қа сай келеді.  Ауыз су сапасы кәсіпорынның базалық зертхана мамандарымен күнделікті тексеріліп бақыланады, сонымен қатар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен қадағаланады.
 
Мекеме теңгерімінде:
- 105 ұңғыма;
- 10 дана ІІ-ші су көтеру насос станциялары;
-908,07 шақырым ауыз су жүйелері (тозығы 18 пайыз – 163,4 шақырым);
- 67 бірлік кәріз насос станциялары;
- 453,24 шақырым кәріз су  жүйелері (тозығы 19 пайыз – 86,1 шақырым);
- 2 бірлік биологиялық тазарту станциясы (СБО) бар.
2023 жылдың  сәуір-мамыр   айларында  қалалық ауыз су жүйелері мен таза су резервуарларына жоспарлы жуып-шаю және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
 
Инвестициялық  бағдарламаның орындалуы
 
2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 30 қазандағы №23-НҚ бұйрығымен 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленіп, бекітілген. 
2020-2024 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламаның құны 344,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде: 
- 2023 жылға 44 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде:
- сумен жабдықтау бойынша 20 млн. теңге, 
- су бұру бойынша 24,4 млн. теңге
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген "тарифтерді қалыптастыру қағидалары" негізінде 3-параграф, 361,362,363,364 -баптарға сәйкес тарифті көтермей өзгерту туралы өтініш жолданып, түзету еңгізіліп бекітілді, атап айтқанда:
Ауыз су қызметтері бойынша 19 бірлік су ұңғымалардың насос қондырғыларын ауыстырып, жаңалау құны 20млн.теңге болды.(ЭЦВ 6-10-110 -3 ед. / ЭЦВ 8-40-90 -5 ед. / ЭЦВ 8-25-110-11 ед.)
Ұзындығы 440 метр, диаметрі 200-300 мм-ккәріз құбырларын жөндеу құны  24 млн.теңге. 
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2023-2024 жылдарға арналған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатқа көшу жөніндегі жолкартасы бекітілді. 
Осыған сәйкес, инвестициялық бағдарламаға бюджеттік қаражатпен атқарылатын «Универсам, Шымбай тұрғын аудандарда орналасқан ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы еңгізілді. Аталған жобаға Республикалық және Облыстық бюджеттерден 671 млн.тг қаражат бөлініп, конкурстық процедуралар өтіп, мердігер мекеме анықталған. Жоба толығымен іске асырылған жағдайда 9 шақырым ауыз су жүйелері қайта жаңғыртудан өтіп, ауыз су жүйесінің тозу деңгейі 18 пайыздан 17,09 пайызға төмендеуі күтілуде.
 
Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары
 
Ауыз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 27,68млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 3,94млн. теңге, яғни 14,2%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 19,45млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 6,51 млн. теңге, 33,48%.
Кәріз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 14,24 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 3,35 млн. теңге, яғни 23,4%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 16,94 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 8,72млн. теңге, яғни 51,44%.
 
 Кәсіпорын теңгеріміндегі барлық ауыз су және кәріз су нысандарының қалыпты жағдайда жұмыс жасауы үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарамсыз заттары ауыстырылып, уақытылы жөнделді.
Атап айтқанда:
  • Ауыз су мен кәріз су жүйелерінде жалпы саны 39 дана ашып жабу ысырмалары мен кері клапандары жаңадан ауыстырылды;
  • 257 метр ауыз су және кәріз су жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
  • Барлығы 167 дана шойын қақпақ орнатылды;
  • Ұңғымаларға ЭЦВ маркалы 16 бірлік насос қондырғысы күрделі жөндеуден өтіп орнатылды. Жаңадан 19 дана ЭЦВ тереңдік насостары ұңғымаларға орнатылды.  Кәріз насос станцияларының Гном маркалы 12 бірлік насос қондырғылары және 6 дана электр қозғалтқыштарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді;
  • Арнайы техникалардың 15 бірлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың 1-ші жарты жылдығында ауыз су жүйелерінде барлығы 417 ақаулы жағдай орын алып, оның  барлығы қалпына келтірілді. 2023 жылы кәріз су жүйелері мен кәріз насос станцияларында барлығы 501 ақаулы жағдай орын алып, олардың  барлығы қалпына келтірілді.
Егер өздігінен ағатын кәріз су жүйелерінде ақаулы жағдай орын алатын болса, антисанитарлық жағдайлар орын алып, жұқпалы инфекциялық аурулардың туындап және тарап кетуі ықтимал еді.
Сол себепті, ақаулы жағдайларды болдырмау мақсатында, мекемеде бекітілген кестеге сәйкес, алдын-ала жөндеу жұмыстары (ППР) жүргізілді. 
 
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша
 тарифтік сметаның орындалуы
Жалпы 2023 жылдың бірінші жарты жылына өндірілген су көлемі 8 197,36мың текше метр, нормативті техникалық шығындар 16,93%, яғни 1387,81мың текше метр, таратылған су көлемі 6 809,55мың текше метр.
Жоспар бойынша 2023 жылдың бірінші жарты жылына бекітілген ауыз суды таратукөлемі 8 059,53мың текше метрболса, ал нақты орындалғаны 6 809,55 мың текше метр, немесе 84,05%пайыз. Оның ішінде:
  • Халық  4965,67 мың текше метр;
  • Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 200,55 мың текше метр;
  • Бюджеттік мекемелер 711,25 мың текше метр;
  • Тұтынушылардың басқа топтары 932,08 мың текше метр.
 
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық шығындар 539,13млн.теңге, оның ішінде:
  • шикiзат және материалдар – 22,74млн.теңге;
  • жанар- жағар май – 44,60 млн.теңге;
  • энергия қуаты – 103,72 млн.теңге;
  • еңбек ақы – 234,43 млн.теңге;
  • инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 11,72млн.теңге;
  • ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 10,45млн.теңге;
  • арнайы киім және арнайы тамақ – 0,56млн.теңге;
  • басқада өндірістік шығындар –13,65млн.теңге;
  • салықтар – 47,76млн.теңге;
  • ЕБРР  және «Нұрлы жол» несие  төлемдері –34,79 млн.теңге;
  • әкімшілік шығындар – 22,23 млн.теңге.
 
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық табыс 389,95млн.теңге, ал шығындар 546,65 млн.теңгені құрады. Яғни кәсіпорын ауыз су қызметі бойынша–156,70 млн.теңге зиянмен шықты.
2023 жылға бекітілген орташа тариф 59,82 теңге болса, жылдық қорытынды бойынша 1 текше метр кәріз судың өзіндік нақты құны 80,28 теңгені құрады, яғни айырмашылығы 34,2%.
 
Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша
 тарифтік сметаның орындалуы
 
Жоспар бойынша 2023 жылдың бірінші жарты жылына бекітілген кәріз суды бұрукөлемі 5 495,52 мың текше метр болса,нақты орындалғаны 3 279,92 мың текше метр немесе59,6% пайыз. Оның ішінде:
  • Халық  1 807,67мың текше метр;
  • Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 42,20 мың текше метр;
  • Бюджеттік мекемелер 701,50 мың текше метр;
  • Тұтынушылардың басқа топтары 722,55мың текше метр болды.
Кәсіпорынның сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындары 448,80 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
  • шикiзат және материалдар – 11,26 млн.теңге;
  • жанар- жағар май – 39,09 млн.теңге;
  • энергия қуаты – 25,70 млн.теңге;
  • еңбек ақы – 306,09 млн.теңге;
  • инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 0 теңге;
  • ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары –12,06млн.теңге;
  • арнайы киім және арнайы тамақ – 1,81 млн.теңге;
  • басқада өндірістік шығындар – 16,31млн.теңге;
  • салықтар – 17,03 млн.теңге;
  • әкімшілік шығындар – 19,52 млн.теңге.
Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындар448,88 млн.теңге болса, барлық табыс236,63 млн.теңге құрады, яғни кәсіпорын–212,24 млн.теңге зиянымен шықты.
2023 жылға бекітілген орташа тариф 70,70 теңге болса, жылдық қорытынды бойынша 1 текше метр кәріз судың өзіндік нақты құны 137,11 теңгені құрады, яғни айырмашылығы 93,9%.
2023 жылдың 01 шілдесіне кәсіпорынның дебиторлық қарызы539млн.теңге, оның ішінде:
  • халық – 487 млн.теңге.
  • бюджет – 9млн.теңге
  • басқа да тұтынушылар –43млн.теңге.
2023 жылдың 01 шілдесінекәсіпорынның кредиторлық қарызы 802млн.теңгені құрады, оның ішінде:
  • Еңбек ақы – 97млн. теңге;
  • Салықтар –470млн.теңге;
  • КТЭЦ – 54 млн. теңге;
  • КРЭК – 42 млн.теңге;
  • Жеткізушілерге – 139 млн.теңге.
 
 
НУЖНО УМЕТ ЭФФЕКТИВНО И ЭКОНОМНО ИСПОЛЬЗОВАТЬ ВОДНЫЕ РЕСУРСЫСайт президентаАкимат Кызылординской областиEgovDigital Kazakhstan