Есепке алу құралдарын алмастыру, тексеру компаниясы
Тұтынушының есептеу құралын орнатып, бақылау пломбасын басу:
1. Есепке алу немесе есептеу құралдары – бұл су шығынын өлшеу, ақпаратты жинақтау, сақтау және көрсету құралы. Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 09-шілдесі «Табиғи монополиялар» заңының №272 -11,11- тармағына сай әрбір Тұтынушы жеке су есептеу құралын орнатуға міндетті. Ол үшін жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасау абонент бөлімдерінің операторлары тікелей тұтынушыдан тапсырыс қабылдайды және қызметтік жазба арқылы тіркеу бөліміне жолдайды.
2. Есептеу құралын кім орнатады және ол үшін кім төлеуі тиіс?
Су есептеу құралдарын орнатумен айналысу құқығына тек лицензияланған ұйымдар ие. Жеке есепке алу құрылғысын (ЖЕҚ) қабылдау қызмет берушінің өкілдері пломбалаған сәттен басталады. Суға жеке есептеу құралын орнату, ауыстыру тұтынушы есебінен жүргізіледі.
3. Қандай есептеу құралын орнату қажет?
Мемлекеттік есептеу өлшемдері жүйесінің реестріне енгізілген есептеу аспабын орнату міндеттеледі.
4. Қандай ұйымдар есептеу құралын орнатады?
Есепке алу құралын орнату, шешіп алу, қолданыстағы есептеу құралын қайта орнату және тексеру жұмыстары лицензияланған қызмет түріне жатады, сондықтан осы қызметті іске асыруға лицензиясы бар, шешіп алу, монтаждау актілері секілді тиісті құжаттарды толтырып, көшірмесін тұтынушыға беретін кәсіпорын немесе фирма өкілдерімен орындалады.
5. ЖЕҚ орнату кезінде қандай жағдайларға назар аудару қажет?
Есепке алу құралы ЖЕҚ нұсқаулығына сәйкес орнатылуы тиіс. Құралдың бүтіндігін (пломбасын) тексеру, есептеу құралының нөмірін ЖЕҚ паспортымен салыстыру қажет. Бақылау аралық интервал есебі орнатылған күннен емес, өндіруші зауыттан шығарылған күннен немесе бақылау сәтінен жүргізіледі. Лицензияланған ұйымнан берілген ЖЕҚ паспорты және ЖЕҚ орнату (монтаждау) актісі ЖЕҚ орнатуды растайтын құжаттар болып табылады.
6. Есептеу құралын орнату және бақылау пломбасын басу ақылы түрде жүргізіледіме?
Есептеу құралын орнату және бақылау пломбасын басу белгіленген кестеге сай ақылы түрде жүргізіледі.
Тұтынушымен келісім-шарт жасау:
Тұтынушы мен өнім берушінің арасындағы алғашқы құжат келісім-шарт болып табылады. Назарларыңызға заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарт жасасуға қажетті құжаттар тізімін ұсынамыз.
Жеке тұлға тұтынушылары үшін:
1. Жеке бас куәлігі.
2. Құқық беруші құжаттар. (сатып-алу, ауытыру шарты, мұраға қалдыру, сыйға тарту шарттары)
3. Жердің актісі.
4. Үйдің техникалық төлқұжаты.
5. Су желісіне қосылуға техникалық рұқсаты.
6. ЖЕҚ паспорты, есептеу құралын орнату актісі.
Заңды тұлға тұтынушысы үшін:
1. Кәсіпкерлік туралы куәлік ЖК, ЖШС.
2. Құрылтайшының жеке бас куәлігі.
3. Құқық беруші құжаттар. (сатып-алу, ауыстыру шарты, мұраға қалдыру, сыйға тарту шарттары)
4. Жердің актісі.
5. Техникалық құжаты.

7. Лицензиясы бар арнайы жобалау мекемесімен жасалынған суды пайдалану есебі.
Бет – есеп ашу:
1. Әр тұтынушымен есеп айырысу мақсатында белгіленген нөмір беріледі және оны бет-есеп деп атаймыз. Бет-есепке пайдаланылған су көлеміне қарай әр тұтынушыға жеке есептеме жүргізіліп отырады.
2.Егер бет-есеп ашылған мекен-жай болса екінші рет бет-есеп ашылмайды. Тиісті құжаттарға сай нысанның иесінің аты-жөні ғана өзгертіледі.
3.Бет-есеп нысанның бірнеше тарапқа тиісті болғанымен тек заңды иесінің атына беріледі.
4.Желіге алғаш қосылған тұтынушыларға бет-есеп келісім-шарт жасасу кезінде автоматты түрде тағайындалады.