Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru

Тазарту технологиясы

Қызылжарма а/о орналасқан  ағынды суларды тазарту станциясы
 
Қызылжарма а/о орналасқан қуаттылығы тәулігіне 70,0 мың текше метр болатын ағынды суларды тазарту станциясы қаламыздағы басты  № 1, 11, 12, 13 кәріз насос станциялары мен Талсуат елді мекенінде орналасқан «Оңалту орталығының» кәріз суларын қабылдайды. Биологиялық тазарту станциясында ағынды сулар биологиялық және механикалық түрде тазартылады. Тазартылған сулар сүзгіден өтіп, қашықтығы 22 км болатын   сарқынды суды тастау каналына (жойылу-тоғаны) жіберіледі. 2019 жылы қабылданған ағынды су көлемі- 5 824,47 мың текше метр.
 
Тасбөгет кентінде орналасқан модульды кәріз суларды биологиялық тазарту станциясы.
  
Тасбөгет кентінде орналасқан қуаттылығы тәулігіне 6,4 мың текше метр модульды кәріз суларды биологиялық тазарту станциясына «Сырдария», «Астана» мөлтек аудандары  мен Тасбөгет кенті тұрғындарының ағынды сулары №39, №1 «Наурыз» және №2 «Тасарық» кәріз-насосты станциялары  арқылы жіберіледі. Қазіргі уақытта тәулігіне шамамен 5,2 мың текше метр кәріз суды қабылдап тазартуда, 2019 жылы барлығы 578,0 мың текше метр кәріз су қабылданып тазартылды. 
СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІКСайт президентаАкимат Кызылординской областиРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan