ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2026 жылдың мамыр-маусым айларында көрсетілген қызметтер бойынша есебі.
ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2026 жылдың мамыр-маусым айларында көрсетілген қызметтер бойынша есебі.
«Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның негізгі міндеті қала тұтынушыларын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мен сарқынды суларын бұру және тазарту болып табылады.
Қазіргі таңда, орталық ауыз су жүйелеріне қосылған 89 359 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде, жеке тұлғалар – 84 363 тұтынушы, бюджеттік мекемелер – 266, КТЭЦ – 2, шаруашылық және өзге де тұтынушылар - 4728.
Қала тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, күз-қыс мезгілінде тәулігіне 46 мың, ал көктем-жаз мезгілінде 104 мың текше метрге дейін ауыз су өндіріліп таратылды. Орталық ауыз су жүйесіндегі 2,0-2,1 қысыммен қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
Ауыз су сапасы Қазақстан Республикасында бекітілген стандарттарға, яғни 2874-82 ГОСТ-қа сай келеді. Ауыз су сапасы кәсіпорынның базалық зертхана мамандарымен күнделікті тексеріліп бақыланады, сонымен қатар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен қадағаланады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша теңгеріміндегі нысандар:
- Бас су жинау кешені
- 984,410 шақырым (км) ауыз су жүйелері, (тозу деңгейі – 16,31% - 160,5 км.)
- 454,877 шақырым кәріз суды бұру жүйелері, (тозу деңгейі – 18,9% -85,9 км)
- 67 кәріздік насос станциялары,
- Биологиялық тазарту станциясының 2 кешені,
- 117 бірлік жер асты ауыз су ұңғымалары,
- 11 бірлік II-ші су көтеру насос станциясы,
- судың қысымын көтеруге арналған 7 бірлік насос станциялары халыққа қызмет көрсетеді.
- автокөліктер мен арнайы техника саны – 66 бірлік,
2026 жылдың мамыр айында қалалық ауыз су жүйелері мен су алу құрылымдарының таза су резервуарларына жоспарлы жуып-шаю және зазалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Инвестициялық бағдарлама.
2026 жылға арналған инвестициялық бағдарлама меншікті қаражат есебінен жалпы сомасы 370 070,05 мың теңге көлемінде бекітілд.
Қазіргі уақытта инвестициялық бағдарлама, мекеменің меншікті қаражат есебінен 10 793,6 мың теңге сомасына орындалды.
Сумен жабдықтау бойынша жалпы сомасы 131 304,3 мың теңге болып бекітіліп, 10 793,6 мың теңге сомасына орындалды. Аталған қаражат есебінен 10 дана насос қондырғылары сатып алынды.
Сарқынды суды бұру қызметі бойынша меншікті қаражат есебінен жалпы сомасы 238 766,2 мың теңге болып бекітілді. Кәзіргі уақытта жоспарлы жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік сатып алу Заңы бойынша тиісті конкурстық процедуралар жүргізілуде.
Сонымен қатар, алдағы уақытта 2026 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға түзету еңгізу үшін, құжаттар әзірленуде.
Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары
Ауыз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 33,4 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 1,6 млн. теңге, %, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13,0 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 1,2 млн. теңге, %.
Сарқынды суды бұру нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 25,7 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 1,7 млн. теңге, %, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13,0 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 1,9 млн.теңге, %.
Кәсіпорын теңгеріміндегі барлық ауыз су және сарқынды суды бұру нысандарының қалыпты жағдайда жұмыс жасауы үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарамсыз заттары ауыстырылып, уақытылы жөнделуде.
Атап айтқанда:
- Ауыз су мен кәріз су жүйелерінде жалпы саны 32 дана ашып жабу ысырмалары мен кері клапандары жаңадан ауыстырылды
- 115 метр ауыз су және кәріз су жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Ауыз су және кәріз су жүйелеріндегі қарау құдықтарының тозығы жетіп жарамсыз болған 22 дана темірбетонды жабындылары жаңаға ауыстырылды
- 69 дана шойын қақпақ орнатылды
- Ұңғымаларға 7 дана, кәріз насос станцияларының 7 бірлік насос қондырғыларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- Арнайы техникалармен автокөліктердің 5 бірлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- 2026 жылы ауыз су жүйелерінде барлығы 98 ақаулы жағдай орын алып, оның барлығы қалпына келтірілді. Сарқынды су жүйелерінде барлығы 196 ақаулы жағдай орын алып, олардың барлығы қалпына келтірілді.
Ақаулы жағдайларды болдырмау мақсатында, кәйсіпорынның бекітілген кестеге сәйкес, алдын-ала жөндеу жұмыстары (ППР) уақытылы жүргізілуде.
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша тарифтік сметасы
Жалпы 2026 жылдың мамыр-маусым айларында өндірілген су 3 925,22 мың текше метр, нормативті техникалық шығындар 16,62%, яғни 650,4 мың текше метр, таратылған су көлемі 3 274,8 мың текше метр.
2026 жылдың мамыр-маусым айларының тұтынушыларға ауыз су тарату қызметінің нақты көлемі 3 274,8 мың текше метр. Оның ішінде:
- Халық 2 590,07 мың текше метр;
- Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 8,83 мың текше метр;
- Бюджеттік мекемелер 254,44 мың текше метр;
- Тұтынушылардың басқа топтары 421,44 мың текше метр.
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша 2026 мамыр-маусым айларының нақты барлық шығындар 311,62 млн.теңге құрады, оның ішінде:
- шикiзат және материалдар – 7,84 млн.теңге;
- жанар-жағар май – 2,31 млн.теңге;
- энергия қуаты – 70,28 млн.теңге;
- отын – 0,00 млн.теңге
- еңбек ақы – 110,65 млн.теңге;
- инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 10,79 млн.теңге;
- ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 2,8 млн.теңге;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік – 0,68 млн.теңге;
- басқада зндірістік шығындар – 1,6 млн.тенге;
- салықтар – 23,2 млн.теңге;
- Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі және «Нұрлы жол» несие
төлемдері – 70,30 млн.теңге;
- әкімшілік шығындар – 11,17 млн.теңге.
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық табыс 357,72 млн.теңге, ал шығындар 311,62 млн.теңгені құрады. Яғни кәсіпорын ауыз су тарату қызметі бойынша – 46,1 млн.теңге пайдамен шықты.
2026 жылдың мамыр-маусым айларындағы қорытынды бойынша ауыз судың 1 м³ орташа құны 95,16 теңгені құрады. 2026 жылдың мамыр-маусым жаз айлары кезеңінде ауыз су тарату қызметінің көп болғандықтан кіріс көлемі өсті, сол себепті мекеме пайдамен шықты.
Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы.
Жоспар бойынша 2026 жылдың мамыр-маусым айларының нақты орындалғаны 1 527,08 мың текше метр, оның ішінде:
- Халық 926,21 мың текше метр;
- Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 43,58 мың текше метр;
- Бюджеттік мекемелер 232,07 мың текше метр;
- Тұтынушылардың басқа топтары 352,22 мың текше метр
Кәсіпорынның сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындары 207,11 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- шикiзат және материалдар – 0,4 млн.теңге;
- жанар-жағар май – 0,95 млн.теңге;
- энергия қуаты – 18,7 млн.теңге;
- еңбек ақы – 165,98 млн.теңге;
- инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 0,0 млн.теңге;
- ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 3,6 млн.теңге;
- арнайы киім және арнайы тамақ – 0,38 млн.теңге;
- басқада өндірістік шығындар – 1,3 млн.теңге;
- салықтар – 0,9 млн.теңге;
- әкімшілік шығындар – 7,4 млн.теңге.
- «Нұрлы жол» несие төлемдері- 7,5 млн.тенге
Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындар 207,11 млн.теңге болса, барлық табыс 225,05 млн.теңге құрады, яғни кәсіпорын – 17,94 млн.теңге пайдамен шықты.
2025 жылдың мамыр айынан 2026 жылдың ақпан айына бекітілген көлемі қорытынды бойынша сарқынды судың 1 м³ орташа бағасы 135,62 теңгені құрады.
Тұтынушылардың су өлшегіш құралдарының көрсеткіштерін мекеме қызметкерлері смартфон арқылы алып сол мезетте дерекқор базаға түсіреді. Дерекқор базаға түскеннен кейін тұтынушының пайдаланған қызметтерінің көлемі есептеліп қарызы анықталады. Осы қызметтердің қарыздары онлайн түрде бірыңғай төлем жасау құжат арқылы шот хабарлама беріледі.
Тұтынушыларға яғни, жеке және заңды тұлғаларға арналған колл центр орталығы жұмыс жасайды.
2026 жылдың 30 маусым айына кәсіпорынның дебиторлық қарызы 807,51 млн. теңге, оның ішінде:
- халық - 381,14 млн.теңге.
- өзге қызметтер – 236,07 млн.теңге
- басқа да тұтынушылар – 190,30 млн.теңге.
2026 жылдың 30 маусым айына кәсіпорынның кредиторлық қарызы 2 151,41 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- Салықтар – 667,7 млн.теңге
- КРЭК – 57,53 млн.теңге
- Энергосервис – 228,58 млн.теңге
- Жеткізушілерге – 768,74 млн.теңге
- Несие - 428,86 млн.теңге
Назарларыңызға рахмет!