31 қазан 2025 ж, 10:04

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

        Табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылу рәсімі тұтынушының техникалық шарт алуға өтініш беруі және табиғи монополия субъектісінің (ТМС) техникалық шартты беруінен, сондай-ақ тұтынушының берілген техникалық шарттарға сәйкес жұмыстарды орындап, ТМС-не хабарлауы арқылы жүзеге асырылады.
        Осы ретте, тұтынушыларға техникалық шарт алуға өтінішті Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі порталы — gov.ggk.kz платформасы арқылы электронды форматта беру мүмкіндігі қарастырылғанын хабарлаймыз.