Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru

Ауыз су сапасы

ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ң «Бас тоған» су алу құрылымында орналасқан Орталық зертханасы Қызылорда қаласын таза, сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету мақсатында, күн тәртібінде, күнделікті, тәулік бойы ауыз судың сапасын қалаға ауыз су тарату жүйесіне түсер алдында, ұңғымалардан, таза су қоймаларынан (РЧВ), қаламыздың әр шет аймағынан бақылау су нүктелерінен сынама көрсеткіштерін анықтайды.
 
Орталық зертхана Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  мен сапасы мен қауыпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесе бекітілген өндірістік зертханалық ауыз су сапасын бақылау кестесімен сынама алынып, тексеріледі.
1. Микробиологиялық көрсеткіштерін,
2. Органолептикалық көрсеткіштерін,
3. Химиялық  ( қортынды көрсеткіштер, органикалық емес және органикалық заттар), сумен жабдықтау жүйесінде суды өндеу үдерісінде онда пайда болатын химиялық заттар  көрсеткіштерін,
4. Радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтайды.
Базалық зертхана   ҚР. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығынан» 2020 жылы 22 сәуірден  2023 жылдың 22 сәуір аралығында  аттестациядан өткен.
 
06.06.2016ж-06.06.2021жылға дейін Астана қаласынан аса қатты улы заттармен,прекурсорлармен жұмыс жасау үшін рұқсат Мемлекеттік лицензиясы бар.
 
Орталық зертханада арнайы білімі бар, көп жылдан бері еңбек тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Зертханаға 2017 жылы мамыр айында заманауи аппарат өлшеу қондырғылармен қамтылып, Санк-Петербургтан арнай мамандармен бірге 11 анализдерді тез әрі үнемді, жылдам анықтауға қол жеткіздік.
 
Ауыз суды зерттеу Мем.СТ (ГОСТ) тар   ҚР «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығынан» жылына 1рет актуализациядан өтеді. 
 
Алынған ауыз су сынамаларының лабораториялық зерттеу нәтижесінің қортындысы Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  мен сапасы мен қауыпсіздігін бақылау басқармасына  күнделікті және ай сайын алынған сынамалардың қортынды есебі (отчет) беріліп тұрады. Жылда қалалық ауыз су тарату жүйелеріне, шет аймақтарды хлормен залалсыздандыру жұмыстарын, судан тарайтын жұқпалы ішек ауруларын алдын алу мақсатында, су жүйелерін жуып шаю, дезинфекциялау жұмыстарын зертханалық анықтау, бақылау нәтижесінде жүргізіледі.
 
Орталық зертхана күн тәртібінде күнделікті, тәулік бойы қалаға су тарату жүйесіне түсер алдында (ІІ-ші су көтеру насос) зерттелетін ауыз судың органолептикалық көрсеткіштері бос хлормен суды зарарсыздандыру кезеніндегі оның сумен жанасу уақытын кемінде 30 минут қалдық хлордың құрамын бақылау суды тарату желісінде беру алдында жүргізіледі.
 
ҚР Ұлттық экономика министрінің бекіткен 2015ж 16 наурыз №209 қаулысы бойынша, санитарлық эпидемиологиялық санитарлық қағидаларының №4-қосымшаның 1,2 кестесі бойынша сынамалар алынады. 
 
Ауыз судың радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштерін және  ГХЦГ (линдан), ДДТ , 2,4-Д көрсеткіштерін  арнайы, оқшауланған облыстық Ұлттық сараптама орталығына, ақылы негізде тексертеміз.
 
Ауыз су құрамындағы ауыр металл (бериллий, стронций, селен) сынама көрсеткіштерін жылына 1 рет Алматы қаласындағы У.М.Ахметсафин атындағы гидрогеологиялық институттында, ақылы негізде тексертеміз.
СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІКСайт президентаАкимат Кызылординской областиРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan