Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылу
Орталықтандырылған ауыз су мен кәріз жүйелеріне қосылуға техникалық шарттарды (рұқсат қағазын) алу белгіленген форма бойынша өтініш толтырылады және төмендегідей мәліметтер ұсынылады:
Жеке тұлғалар үшін:
Сонымен қатар, заңды тұлғаларға өтінім білдіру «Кәсіпкерлер палатасы» арқылы электронды нұсқада бір терезе қағидасымен қатар жүргізіледі.
Жеке тұлғалар үшін:
- Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі)
- Жер учаскесіне құқық беретін құжат, үй иесінің аты-жөні жазылған үй иесі екендігін растайтын құжат (көшірмесі)
- Тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сыртқы желілері мен құрылыстарының 1:500 масштабындағы орындаушы түсірілімі
- Су есептеу құралының техникалық паспорты (көшірмесі)
- Желтоқсан көшесі №156 әкімшілік ғимаратында орналасқан абоненттік бөлімінен қарызы жоқ жөнінде анықтама
- Тұтынушының атауы мен деректемелері,өндірістік қызметінің сипаттамасы;
- Жобаланып отырған объектінің сумен жабдықтау және суды бұру бойынша бастапқы деректері (күніне қажеттілігі, м3/тәулігіне)
- Жаңа құрылысты салу үшін жер учаскесін алу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (қаулы, жер актісі, жалға алу,сатып алу жөніндегі келісім шарт)
- Тұтынушының белгілі бір уақыт аралығында ауыз судыпайдалану шығынының есебі;
- Тұтынушыныңсумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сыртқы желілері мен құрылыстарының 1:500 масштабындағы орындаушы түсірілімі, орналасқан құрылыс сызбасы
Сонымен қатар, заңды тұлғаларға өтінім білдіру «Кәсіпкерлер палатасы» арқылы электронды нұсқада бір терезе қағидасымен қатар жүргізіледі.