17 маусым 2022 ж, 22:19
Қала тұрғындарының назарына !
Қазіргі таңда қала тұрғындары ауыз суды көп мөлшерде бау-бақшаға жасыл желектерді есепсіз суаруға пайдалануына байланысты ауыз суды тұтыну үш (3) есеге артып, қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына ауыз судың қысымына кері әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы №163 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары» ережелерінің 1 параграф 17 тармағына сәйкес - ауыз суды жасыл желектерді суаруға пайдаланатын уақытты қызмет көрсетуші белгілейді деп көрсетілген.
Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, жеке сектор тұтынушыларына ауыз суды тиімді пайдаланып, жасыл желектерді суаруды арнайы су пайдалануға рұқсат берілген уақытқа сәйкес су өлшеуіш құралдары арқылы кешкі 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жүргізуді сұрайды.
Аталған талап орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасының 141 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып айыппұл тағайындалатынын ескертеміз.