Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru

Кәріз суды бұру жүйесінің құрылымы

Мекеме теңгерімінде барлығы  62 кәріз насос станциялары, 426,5 шақырым кәріз жүйелері,  Қызылжарма аймағында орналасқан  сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясы, Тасбөгет қыстағындағы модульді биологиялық тазарту станциясы бар. Бұл құрылымдар тәулік бойы үздіксіз жұмыс атқарып, кәріз суларды бұру және тазарту жұмыстарымен айналысуда. Қала тұрғындарының 158580 адам орталық кәріз су бұру жүйесімен қамтылған (ол 58,2% құрайды).
 
Қаламыздың әр аудандарында орналасқан кәріз насос станциялары кәріз жүйелері арқылы келіп түскен, тәулігіне 21800 текше метр ағынды суларды тазарту станцияларына бұруда. Тазарту станцияларында қабылданған ағынды сулар биологиялық және механикалық түрде тазартылады. Тазартылған сулар сүзгіден өтіп, сарқынды суды тастау каналына жіберіледі.
СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІКСайт президентаАкимат Кызылординской областиРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan