СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ғимаратында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына енген өзгерістеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Болат Айнур жүргізді.
Жиналыс тәртібінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына енген өзгерістері туралы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасымен 30.12.2020 жылы бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар түсіндірілді.
Жиналысқа қатысқан Кәсіпорын жұмысшыларына қала тұтынушылармен жұмыс атқару барысында әдепті сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмауды, өздеріне сеніп тапсырған мүлікті ұқыпты ұстау және ұрлықты болдырмау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңының 367-бабында қаралған пара алу, параға делдал болу туралы қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндірме жүргізілді.