Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru
24 ақпан 2023 ж, 19:18

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ "ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ" МКК-на КЕЛДІ


 «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері,  «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына келді. Ұжыммен кездесу барысында партия кандидаттары өңірімізге су жинағыш нысан салудың маңызы, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі түйінді мәселелерді талқылады. 

Қызылорда облысы күріштің 90%-ын беріп отыр десек, мұның бәрі Сырдың ырысы екені анық. Сырдың суы Аралдың толқындарымен қауышып, теңіз жағалаған жұрттың қуанышы болатын. Қазір Арал теңізі мен Арал қаласының арасы жүздеген шақырымдық құмды төбеге айналып, «Үлкен Аралдан» біржолата айырылып қалдық. Ендігі міндет – «Кіші Аралды» сақтап қалу.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлнар Есқалиева бүгінгі таңда облыс тұрғындардың 97,8% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Партия алдағы уақытта облыс халқын 100% сапалы ауыз сумен қамтылуы үшін 32 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін атап өтті.
 
«2021 жылы Арал теңізіне қажетті су көлемінің тек 15,6%, яғни 1,2 млрд. текше метр судың 199 млн. Текше метрі ғана түсті. Сол жылы Арал өңірінде қуаңшылық салдарынан жайылымдық жерлер құрғап, мал шығыны орын алып, төтенше жағдай жариялануы судың деңгейіне әсер еткені анық. Өткен 2022 жылы Сырдария өзенінен теңізге жоспарланған мөлшердің тек 16%-ы түсті. Біле білсек, Сыр өңірінің экономикалық және экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің сулығына және Арал теңізінің жағдайына тікелей байланысты. Дегенмен су тапшылығын азайтуда күріштіктің көлемін азайту керек дегенді жиі естиміз. Әрине, суды үнемдеу маңызды. Алайда күрішсіз Қызылорда облысының экологиялық ахуалы нашарлап, топырақ тұзданып, жарамсыз оазиске айналады», -деді үміткер Батырхан Базарбаев.

Кездесу барысында партия атынан бір мандаттық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына үміткерлер де өз бағдарламаларымен танысытырып, ұжым қызметкерлерін «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІКСайт президентаАкимат Кызылординской областиРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan