02 маусым 2023 ж, 23:14
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ғимаратында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына енген өзгерістеріне кезекті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қозбагарова Жанар Жалғасқызы жүргізді.
Жиналыс тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпанындағы №802 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына енген өзгерістері мен заңдары таныстырылды.
Сөз соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамыздың ортақ міндетіміз және осы іске әрбір азаматтың қосқан үлесі – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында бейне-проектор арқылы бейне жазбаларды қатысушыларға қарауға ұсынды.