26 мамыр 2023 ж, 23:51
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КҮНІ ӨТТІ
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ғимаратында Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес техникалық қауіпсіздік күні отырысы өткізілді.
Жиын барысында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында атқарылған шаралар, еңбек қауіпсіздігі бойынша бөлінген қаражат мөлшері, алдағы уақытта жүргізілетін іс – шаралар, мекеме теңгеріміндегі нысандардың жай – күйі, жазатайым оқиғаларды болдырмау, апаттық жағдайларды алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты кәсіпорынның Бас инженері Баярыстанов Наурызбен еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлар бөлімінің меңгерушісі Шарапатов Азат баяндама жасады. Жиын отырысында техникалық қауіпсіздіктегі өзекті мәселелерін жан-жақты талқыланып, шешімдерге тоқталды.
Басқосуға Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Исмалаев Олжас Қаласұлы, Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы, Қызылорда қаласының төтенше жағдайлар басқармасының жауапты өкілдері қатысты.
Отырысқа қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай төрағалық етті.