ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНА ДЕЙІН МЕРЗІМІ ӨТКЕН СУ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРТУДЕН ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ
"Қызылорда су жүйесі" МКК мамандарымен қазіргі таңда қала бойынша суды есепке алу құралын тексеру, көрсеткіштерді алу бойынша рейдттік іс-шаралар жүргізілуде. Рейд барысында су өлшеуіш құралынсыз немесе тексеру және пайдалану мерзімі өткен су есептегіш құралдармен отырған тұтынушылар көптеп анықталуда.
Бұл өз кезегінде, ауыз суды үнемді пайдалануға кері әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына сәйкес су өлшегіш құралдың пайдалану мерзімі 12 жыл екендігі көрсетілсе, ал 4-6 жыл сайын мерзім аралық тексеру қажет. Сонымен қатар, су өлшегіш құралының пайдалану және мерзім аралық тексеру құрылғының паспортында және сәйкестендіру сертификатында көрсетіледі.
2018 жылдың 27-желтоқсанындағы «Табиғи монополиялар» Заңының 27 бабының 2 тармақ 2 тармақшасында әр бір Тұтынушы су өлшегіш құралын орнатуға міндетті екендігі көрсетілген.
Құрметті тұтынушылар, жоғарыдағы қағидалардың талаптарын қатаң сақтау үшін 6 жылдан аса пайдаланған су есептегіш құрылғыларыңызды ағымдағы жылдың қазан айына дейін мерзім аралық тексеруден өткізуді жәнеде су есептегіш құрылғысын міндетті түрде орнатуды сұраймыз.
Сіздер үшін толыққанды мәлімет беруге кәсіпронның (Call center) байланыс номерлері:
8771 138 06 79,
8705 690 55 89,
8705 690 92 83,
8705 690 34 10,
08:00 ден 18:00 ге дейін (түскі үзіліс 12:00-14:00. Сенбі, Жексенбі демалыс)
қызмет көрсетеді.