Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru
27 шілде 2021 ж, 06:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНА ДЕЙІН МЕРЗІМІ ӨТКЕН 

СУ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРТУДЕН ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы №53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы Заңында су өлшегіш құралдың пайдалану мерзімі 12 жыл, ал 4-6 жыл сайын мерзім аралық тексеруден өткізу қажет екендігін міндеттеген.

            

Осыған байланысты 6 жылдан аса пайдаланған су есептегіш құрылғыларыңызды ағымдағы жылдың қазан айына дейін мерзім аралық тексеруден өткізу қажет.

            

Мерзім аралық тексеруді арнайы аттестациясы бар ұйым жасайды олар:

- «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ, 

мекен жайы Желтоқсан №140 үй 

тел. 8 (7242) 23-56-54 

- «Квант» ЖШС-гі , Байтұрсынов көшесі №77, 

тел. 8 (7242) 27-09-90 

            

2021 ж. 1-ші қазаннан бастап су өлшегіш құралдарыңызды мерзім аралық тексеруден өткізбеген жағдайда бекітілген су тұтыну нормалары бойынша есептеме жүргізілетіндігін ескертеміз.

 

"Қызылорда су жүйесі" МКК әкімшілігі