Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жаңғыртылған және қайта қалпына келтірілген нысандарына бару арқылы өткізілетін журналистерге арналған баспасөз турына (сапарына)
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2021 жылдың 10 қыркүйегінде «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ағымдағы жөндеу, қайта жаңғыртылған және күрделі жөндеу нысандарына журналистермен аралау жүргізіліп сапарлық баспасөз туры өткізілді.
Кәсіпорынның активтерін жаңалау, қолдау, қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру мақсатында, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіп Департаменттің бұйрығымен «Қызылорда су жүйесі» МКК-на 2020-2024 жылдарға жалпы соммасы – 423,167 млн теңгеге инвестициялық бағдарламасы бекітілді.
Инвестициялық бағдарлама бойынша, кәсіпорын өз қаражаты есебінен 2020 жылы сумен жабдықтау, су бұрудың 6 нысандарына қайта жаңғыртуға -20 625,51 мың теңге қарастырылды, оның нақты орындалған қаражаты - 17 895,03 мың теңгені құрады.
Жоғарыда аталған қаражатқа - 0,12 шақырым ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда:
- Бөкейхан көшесіндегі №11А көпқабатты үйдің ауыз су құбыры жүйесін күрделі жөндеу, д-110 мм, ұзындығы -120 м.
- I-ші су көтеру ұңғымалардың 25 дана насос жабдықтарын ауыстыру;
- «Шұғыла» су қысымын көтеру 1 дана станциясына күрделі жөндеу;
- Торайғыров көшесіндегі №80 көпқабатты тұрғын үйге су қысымын көтеру 1 дана насос жабдықтарын орнату;
-Тасбөгет кенті Шүкіров көшесіндегі су алу құрылымының қуаттылығы 400 кВа 10/0,4 кВ болатын 1 дана трансформаторлық қосалқы станциясын ауыстыру;
- №13 кәріз насос станциясының қуаттылығы 400 кВа 10/0,4 кВ болатын 1 дана трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстыру.
2020 жылы жүзеге асырылған инвестициялық бағдарламаның нәтижелері:
- - сумен жабдықтау жүйелерінің тозуы 19,0% -дан 18,8% -ға дейін төмендеді;
- - кәріз су жүйелерінің тозуы 20,4% -дан 20,0 % -ға дейін төмендеді;
- - нормативтік ысыраптар 0,06%-ға төмендеді;
- - авариялық апаттар саны 6 бірлікке азайды.
2021 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жалпы соммасы - 99 408,48 мың тенгені құрайтын 3 дана сумен жабдықтау және 2 дана сарқынды суды бұру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған. Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен Панфилов көшесі бойында орналасқан №4 кәріз құдығынан №28 «Шұғыла» КНС-не дейінгі өздігінен ағатын кәріз жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. d-160мм-ден d-315мм-ге дейін ұзындығы 91 м. Сметалық құны – 8 224,631 мың теңгені құрайды.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап Сулейменов көшесіндегі кәріз құдығынан №12 КНС-ғы «Червякова» көшесіндегі кәріз құдығына дейін Нұрмақов көшесіндегі d-400 мм. ұзындығы 201 метрді құрайтын өздігінен ағатын кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құны – 24 898,641 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша Қызылорда қаласының кәріз насос станцияларын қайта жаңарту және жаңғырту жобасы іске асырылып, кәсіпорынның 23 данасы қайта жаңғыртылды.
Барлық жаңалау, қолдау, техникалық қайта жарақтандыру мақсатында жүргізілген жұмыстары кәсіпорынның тұрақты жұмыс атқаруына және оның көрсететін қызметінің сапасын жақсарту бойынша үлкен септігін тигізді.