Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru
10 қараша 2021 ж, 13:55

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ КӘРІЗ СУ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІН САЛУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ӘЗІРЛЕНУДЕ

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз суларын бұру нысандарын қыс мезгіліне дайындау жұмыстары сапалы жүзеге асырылуда. 
Бұл туралы «Су жүйесі» мекемесі директорының орынбасары   Наурыз Баярыстанов баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында баяндады.
Су алу құрылымындарындағы ІІ-ші су көтеру насостық станцияларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, электр тауарлары жаңаланды. Скатков көшесіндегі №127, Аманкелді көшесі №84  және Әуезов көшесі №26 көпқабатты тұрғын үйлердің, сонымен қатар, қала аумағындағы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын ескі ауыз су құбырлары қолданыстан ажыратылып,  жаңа жүйеге қосылды. 
Инвестициялық бағдарлама бойынша ауыз су ұңғымаларына 18 бірлік насос қондырғысы орнатылып, 15 дана насос қондырғысы мен 6 дана өрт гидранты жөнделді.
Қазіргі таңда, Тасбөгет кентіндегі «Бас су жинау кешенінің» ІІ-ші су көтеру насос станциясындағы №1 насос қондырғысы электр қозғалтқышына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.    
Кәріз су нысандары бойынша да бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.    
Нұрмақов көшесіндегі №12 басты кәріз насос станциясынан шығатын д-400мм-лік кәріз құбырының 201 метр болатын ақаулы аумағы толығымен ауыстырылып, қалпына келтірілді.  
Саяхат ауданындағы «Жан Арай Жем» ЖШС-нің өндірістік базасы аумағынан заманауи үлгідегі кәріз су қабылдау пунктін салуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Алдағы уақытта, осы жоба кәріз құбырларының бітелуінен туындайтын жағымсыз иістерді жоюға мүмкіндік бермек.
Айта кету керек, қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін күнделікті 50 ұңғымадан тәулігіне  38,0 мың текше метр ауыз су тұтынушыға таратылып отыр.

СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІКСайт президентаАкимат Кызылординской областиРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan