Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru
20 қараша 2021 ж, 07:31

Құрметті тұтынушылар!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттары негізінде әрбір тұтынушы көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді әрбір айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізуге міндетті. Ал төлемді мерзімінде жүргізбей кешіктірген жағдайда, Шарттың 35-тармағына сәйкес тұтынушы мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл төлейтіні көрсетілген.

Осыған байланысты әрбір тұтынушы көрсетілген қызметтер үшін ай сайынғы төлемді уақтылы, яғни әр айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті екенін хабарлаймыз, бұл ретте ағымдағы жылдың қарашасынан бастап көрсетілген мерзімде төлем жүргізбеген тұтынушыларға мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.