Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru
21 желтоқсан 2021 ж, 13:06

ЖЕТІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Қызылорда облысы мен қаласының ауыз су және кәріз су жүйелерінің нысандарының қазіргі жағдайымен жүзеге асырылған жобалар бойынша,
Бүгін «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы міндетін атқарушы Өтепов Нұрлан Кеңесұлы мен Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Жоламанов Ерлан Ералыұлы Өңірлік коммуникациялар баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында баяндады.
Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін күнделікті 50 ұңғымадан тәулігіне 38,0 мың текше метр ауыз су өңдірілуде. Жыл сайын қыс мезгілінде күнделікті 58 ұңғымадан 40-42 мың текше метрде таратылып келеді. Осы уақытқа дейін қолданыстағы ескі ауыз су құбырлары ажыратылып, тұрғындар жаңа жүйеге қосылды. 
- Биылғы жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жалпы соммасы 99 408,48 мың тенгені құрайтын 6 сумен жабдықтау және 6 сарқынды суды бұру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді Нұрлан Өтепов.
Облыс бойынша 230 ауылдық елді мекеннің 85 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Яғни, тұрғындардың 97 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Ал ауыз су тарифі өзгеріссіз қалады деді Ерлан Жоламанов.
- Бүгінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қалаларында орталықтандырылған ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілген. Ал 230 ауылдық елді мекеннің 195-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл - республика бойынша алдыңғы көрсеткіштердің бірі. 
Алдағы жылдары өңірдегі 20 ауылға ауыз су жүйесі тартылады. Сонымен қатар, 2022 жылы республикалық бюджет есебінен ауыз су және кәріз жүйелерін жақсарту бойынша 7 жоба жүзеге аспақ. Айта кететін жәйт, алдағы уақытта ауыз су бағасы 30-40 теңгеден көтерілмейді, - деді Ерлан Жоламанов.
Баспасөз конференциясы соңында бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің қойылған бір қатар сұрақтарына жауап берілді.
СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІКСайт президентаАкимат Кызылординской областиРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan