10 шілде 2022 ж, 08:31
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Қала әкімінің орынбасары Руслан Нұрмағанбетов «Қызылорда қаласындағы Шанхай, Оңтүстік аудандарындағы және Ә.Тәжібаев, Бостандық көшелерінің бойындағы су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялау» жұмыс жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Механизатор и К» ЖШС-нің жұмысшылары жұмысты бекітілген кестеге сәйкес атқаруда. Техника мен құрылыс материалдары жеткілікті. Руслан Аймұрзаұлы серіктестік директорына жұмыс барысына күнделікті бақылау жүргізіп отыратындығын жеткізіп, сапаға мән беруді тапсырды.






