Сall-орталығы
дүйсенбі - жұма 8:00 - 18:00
Диспетчер
Авариялық-диспетчерлік қызмет 24/7
kk ru

Басшылық

​​​​​​​​«Қызылорда су жүйесі» МКК басшылары

ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2023 жылдың бірінші жарты жылына көрсетілген қызметтер бойынша есебі.

ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2023 жылдың бірінші жарты жылына көрсетілген қызметтер бойынша есебі.

ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2023 жылдың бірінші жарты жылына көрсетілген қызметтер бойынша есебі. «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі міндеті қала тұтынушыларын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз суларын бұру мен тазарту болып табылады. Қазіргі таңда, орталық ауыз су жүйелеріне қосылған 84119 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде: жеке тұлғалар – 79851 тұтынушы, бюджеттік мекемелер – 250 тұтынушы, шаруашылық және өзге де тұтынушылар – 4018 тұтынушы. Қазіргі таңда к үнделікті тәулігіне 100,7 мың текше метр ауыз су өндіріліп таратылуда. Оның 53,8 мың текше метрі ұңғымалар арқылы берілуде. Ауыз су сапасы Қазақстан Республикасында бекітілген стандарттарға, яғни 2874-82 ГОСТ-қа сай келеді. Ауыз су сапасы кәсіпорынның базалық зертхана мамандарымен күнделікті тексеріліп бақыланады, сонымен қатар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен қадағаланады. Мекеме теңгерімінде: - 105 ұңғыма; - 10 дана ІІ-ші су көтеру насос станциялары; -908,07 шақырым ауыз су жүйелері (тозығы 18 пайыз – 163,4 шақырым); - 67 бірлік кәріз насос станциялары; - 453,24 шақырым кәріз су жүйелері (тозығы 19 пайыз – 86,1 шақырым); - 2 бірлік биологиялық тазарту станциясы (СБО) бар. 2023 жылдың сәуір-мамыр айларында қалалық ауыз су жүйелері мен таза су резервуарларына жоспарлы жуып-шаю және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Инвестициялық бағдарламаның орындалуы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 30 қазандағы №23-НҚ бұйрығымен 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама әзірленіп, бекітілген. 2020-2024 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламаның құны 344,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде: - 2023 жылға 44 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде: - сумен жабдықтау бойынша 20 млн. теңге, - су бұру бойынша 24,4 млн. теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген "тарифтерді қалыптастыру қағидалары" негізінде 3-параграф, 361,362,363,364 -баптарға сәйкес тарифті көтермей өзгерту туралы өтініш жолданып, түзету еңгізіліп бекітілді, атап айтқанда: Ауыз су қызметтері бойынша 19 бірлік су ұңғымалардың насос қондырғыларын ауыстырып, жаңалау құны 20млн.теңге болды.(ЭЦВ 6-10-110 -3 ед. / ЭЦВ 8-40-90 -5 ед. / ЭЦВ 8-25-110-11 ед.) Ұзындығы 440 метр, диаметрі 200-300 мм-ккәріз құбырларын жөндеу құны 24 млн.теңге. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2023-2024 жылдарға арналған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатқа көшу жөніндегі жолкартасы бекітілді. Осыған сәйкес, инвестициялық бағдарламаға бюджеттік қаражатпен атқарылатын «Универсам, Шымбай тұрғын аудандарда орналасқан ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы еңгізілді. Аталған жобаға Республикалық және Облыстық бюджеттерден 671 млн.тг қаражат бөлініп, конкурстық процедуралар өтіп, мердігер мекеме анықталған. Жоба толығымен іске асырылған жағдайда 9 шақырым ауыз су жүйелері қайта жаңғыртудан өтіп, ауыз су жүйесінің тозу деңгейі 18 пайыздан 17,09 пайызға төмендеуі күтілуде. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары Ауыз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 27,68млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 3,94млн. теңге, яғни 14,2%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 19,45млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 6,51 млн. теңге, 33,48%. Кәріз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 14,24 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 3,35 млн. теңге, яғни 23,4%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 16,94 млн. теңге қаралған, нақты орындалғаны 8,72млн. теңге, яғни 51,44%. Кәсіпорын теңгеріміндегі барлық ауыз су және кәріз су нысандарының қалыпты жағдайда жұмыс жасауы үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарамсыз заттары ауыстырылып, уақытылы жөнделді. Атап айтқанда: Ауыз су мен кәріз су жүйелерінде жалпы саны 39 дана ашып жабу ысырмалары мен кері клапандары жаңадан ауыстырылды; 257 метр ауыз су және кәріз су жүйелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді; Барлығы 167 дана шойын қақпақ орнатылды; Ұңғымаларға ЭЦВ маркалы 16 бірлік насос қондырғысы күрделі жөндеуден өтіп орнатылды. Жаңадан 19 дана ЭЦВ тереңдік насостары ұңғымаларға орнатылды. Кәріз насос станцияларының Гном маркалы 12 бірлік насос қондырғылары және 6 дана электр қозғалтқыштарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді; Арнайы техникалардың 15 бірлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың 1-ші жарты жылдығында ауыз су жүйелерінде барлығы 417 ақаулы жағдай орын алып, оның барлығы қалпына келтірілді. 2023 жылы кәріз су жүйелері мен кәріз насос станцияларында барлығы 501 ақаулы жағдай орын алып, олардың барлығы қалпына келтірілді. Егер өздігінен ағатын кәріз су жүйелерінде ақаулы жағдай орын алатын болса, антисанитарлық жағдайлар орын алып, жұқпалы инфекциялық аурулардың туындап және тарап кетуі ықтимал еді. Сол себепті, ақаулы жағдайларды болдырмау мақсатында, мекемеде бекітілген кестеге сәйкес, алдын-ала жөндеу жұмыстары (ППР) жүргізілді. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы Жалпы 2023 жылдың бірінші жарты жылына өндірілген су көлемі 8 197,36 мың текше метр, нормативті техникалық шығындар 16,93%, яғни 1387,81мың текше метр, таратылған су көлемі 6 809,55мың текше метр. Жоспар бойынша 2023 жылдың бірінші жарты жылына бекітілген ауыз суды таратукөлемі 8 059,53мың текше метрболса, ал нақты орындалғаны 6 809,55 мың текше метр, немесе 84,05%пайыз. Оның ішінде: Халық 4965,67 мың текше метр; Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 200,55 мың текше метр; Бюджеттік мекемелер 711,25 мың текше метр; Тұтынушылардың басқа топтары 932,08 мың текше метр. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық шығындар 539,13млн.теңге, оның ішінде: шикiзат және материалдар – 22,74млн.теңге; жанар- жағар май – 44,60 млн.теңге; энергия қуаты – 103,72 млн.теңге; еңбек ақы – 234,43 млн.теңге; инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 11,72млн.теңге; ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 10,45млн.теңге; арнайы киім және арнайы тамақ – 0,56млн.теңге; басқада өндірістік шығындар –13,65млн.теңге; салықтар – 47,76млн.теңге; ЕБРР және «Нұрлы жол» несие төлемдері –34,79 млн.теңге; әкімшілік шығындар – 22,23 млн.теңге. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық табыс 389,95млн.теңге, ал шығындар 546,65 млн.теңгені құрады. Яғни кәсіпорын ауыз су қызметі бойынша–156,70 млн.теңге зиянмен шықты. 2023 жылға бекітілген орташа тариф 59,82 теңге болса, жылдық қорытынды бойынша 1 текше метр кәріз судың өзіндік нақты құны 80,28 теңгені құрады, яғни айырмашылығы 34,2%. Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы Жоспар бойынша 2023 жылдың бірінші жарты жылына бекітілген кәріз суды бұрукөлемі 5 495,52 мың текше метр болса,нақты орындалғаны 3 279,92 мың текше метр немесе59,6% пайыз. Оның ішінде: Халық 1 807,67мың текше метр; Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 42,20 мың текше метр; Бюджеттік мекемелер 701,50 мың текше метр; Тұтынушылардың басқа топтары 722,55мың текше метр болды. Кәсіпорынның сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындары 448,80 млн.теңгені құрады, оның ішінде: шикiзат және материалдар – 11,26 млн.теңге; жанар- жағар май – 39,09 млн.теңге; энергия қуаты – 25,70 млн.теңге; еңбек ақы – 306,09 млн.теңге; инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 0 теңге; ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары –12,06млн.теңге; арнайы киім және арнайы тамақ – 1,81 млн.теңге; басқада өндірістік шығындар – 16,31млн.теңге; салықтар – 17,03 млн.теңге; әкімшілік шығындар – 19,52 млн.теңге. Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындар448,88 млн.теңге болса, барлық табыс236,63 млн.теңге құрады, яғни кәсіпорын–212,24 млн.теңге зиянымен шықты. 2023 жылға бекітілген орташа тариф 70,70 теңге болса, жылдық қорытынды бойынша 1 текше метр кәріз судың өзіндік нақты құны 137,11 теңгені құрады, яғни айырмашылығы 93,9%. 2023 жылдың 01 шілдесіне кәсіпорынның дебиторлық қарызы539млн.теңге, оның ішінде: халық – 487 млн.теңге. бюджет – 9млн.теңге басқа да тұтынушылар –43млн.теңге. 2023 жылдың 01 шілдесінекәсіпорынның кредиторлық қарызы 802млн.теңгені құрады, оның ішінде: Еңбек ақы – 97млн. теңге; Салықтар –470 млн.теңге; КТЭЦ – 54 млн. теңге; КРЭК – 42 млн.теңге; Жеткізушілерге – 139 млн.теңге. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

2023 жылдың қорытынды есебі

ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2023 жылы көрсетілген қызметтер бойынша есебі. «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнының негізгі міндеті қала тұтынушыларын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мен кәріз суларын бұру және тазарту болып табылады. Қазіргі таңда, кәсіпорын 84951 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде, жеке тұлғалар – 80498 тұтынушы, бюджеттік мекемелер – 243, шаруашылық және өзге де тұтынушылар – 4210. Қала тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, қыс мезгілінде тәулігіне 40-42 мың, ал ж аз айларында 80-100 мың текше метр ауыз су өндіріліп таратылды. Ауыз су жүйесіндегі қысым 2,0 кгс/м2. 2023 жылы барлығы 17 221,96 мың текше метр ауыз су көтерілді, оның тұтыншуға таратылғаны 14 306,28 мың текше метр. Беріліп отырған ауыз су сапасы, ҚР Үкіметінің 2015жылдың 16 наурыздағы №209 қаулысымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» қағидаларының санитарлық талаптарына сай келеді. Жер үсті және жер асты су көздерінен алынған ауыз су сапасы «Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен» бірлескен бақылау кестесіне сәйкес қадағаланып отырады. Ауыз су сапасы кәсіпорынның аттестациядан өткен базалық зертханасымен химиялық және бактериологиялық сараптамалар жасалынады. Мекеме теңгерімінде бүгінгі таңда: - 976,12 шақырым ауыз су жүйелері; - 112 ұңғыма; - 11 дана ІІ-ші су көтеру насос станциялары; - 454,139 шақырым кәріз су жүйелері бар. - 67 бірлік кәріз насос станциялары; - 2 бірлік биологиялық тазарту станциясы (СБО); 2023 жылдың сәуір және қазан айларында қалалық ауыз су жүйелері мен таза су резервуарларына жоспарлы жуып-шаю және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Инвестициялық бағдарламаның орындалуы: 2023 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламада ауыз су қызметі бойынша 8 030 метрге ауыз су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет есебінен 650,8 млн. теңге және меншікті қаражат есебінен 20,041 млн. теңгеге 19 дана ұңғымалардың насос жабдықтарын алу жоспарланған. Инвестициялық бағдарламада қарастырылған жұмыстар мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланып, 629,013 млн.теңгеге толығымен орындалды. Үнемделген соммасы 41,889 млн.теңге. Сонымен қатар, сарқынды суды бұру қызметі бойынша 3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарына 24,3 млн. теңге бекітіліп, 19,271 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 440 метр кәріз жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардан 5,049 млн. теңгеге үнемделді. Яғни, ауыз су және сарқынды суды бұру қызметтері бойынша 2023 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 695,2 млн. теңге қаражаты бекітіліп, 648,284 млн. қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлығы 46,938 млн.теңге қаражат үнемделді. Ауыз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 27,7 млн.теңге қаралған, нақты орындалғаны 15,6 млн.теңге, 56,3%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 19,5 млн.теңге қаралған, нақты орындалғаны 19,2 млн.теңге, 98,6%. Кәріз су нысандарының негізгі құнын ұлғайтпайтын күрделі жөндеу жұмыстарына 14,2 млн.теңге қаралған, нақты орындалғаны 9,0млн.теңге, 63,5%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 16,9 млн.теңге қаралған, нақты орындалғаны 16,8 млн.теңге, 99,1%. Кәсіпорын теңгеріміндегі барлық ауыз су және кәріз су нысандарының қалыпты жағдайда жұмыс жасауы үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарамсыз заттары ауыстырылып, уақытылы жөнделді. Атап айтқанда: Ауыз су және кәріз су жүйелерінде орналасқан қақпағы жоқ тозығы жеткен қақпақтарының орнына 284 дана шойын қақпақ орнатылды Тозығы жеткен 259 метр ауыз су құбырларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәріз су жүйелерінде 205 метр құбыр жаңаға ауыстырылып, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Ауыз су және кәріз су нысандары бойынша жарамсыз жағдайдағы жалпы саны 89 дана ашып жабу реттеу ысырмалары жаңаға ауыстырылды. Ұңғыма нысандарында ЭЦВ маркалы тереңдік насостарының 20 бірлік насос қондырғысына жөндеу жұмыстары жүргізіліп қайта орнатылды. Кәріз насос станцияларының Гном маркалы 40 дана, 1 дана «Flygt» маркалы насосына және 16 дана электр қозғалтқыштарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыз су жүйелеріндегі тозығы жетіп істен шыққан өрт гидранттарының 16 данасы жаңаға ауысты. Автокөліктер мен арнайы автотехникалардың 37 бірлігіне ағымдағы автотехникаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар кәсіпорынның өз қаражатына атқарылды. Сонымен қатар мердігер мекеме арқылы 4 бірлік арнайы автотехникаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы ауыз су жүйелерінде барлығы 743 ақаулы жағдай орын тіркелді, кәріз су жүйелері мен кәріз насос станцияларында 980 ақаулы жағдай орын алып, олардың барлығы қалпына келтірілді және мекемеде бекітілген кестеге сәйкес, алдын-ала жөндеу жұмыстары (ППР) жүргізілді. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы Жалпы өндірілген су көлемі 17 221,96 мың м³, нормативті техникалық шығындар 16,93%, яғни 2 915,68 мың м³, таратылған су көлемі 14 306,28 мың м³. Тарифтік сметада тұтынушыларға ауыз су тарату қаралған көлемі 16 119,1 мың текше метр, нақты орындалғаны 14 306,28 мың текше метр, немесе 88,7%. Оның ішінде: Халық 10 441,73 мың текше метр; Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 372,76 мың текше метр; Бюджеттік мекемелер 1 514,40 мың текше метр; Тұтынушылардың басқа топтары 1 977,39 мың текше метр. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық шығындар 1 220,9 млн.теңге, оның ішінде: шикiзат және материалдар – 12,1 млн.теңге; жанар-жағар май – 39,5 млн.теңге; энергия қуаты – 214,7 млн.теңге; еңбек ақы – 452 , 5 млн.теңге; инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 11,7 млн.теңге; ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 34,8 млн.теңге; арнайы киім және арнайы тамақ – 0,6 млн.теңге; басқада өндірістік шығындар – 60,9 млн.теңге; салықтар – 19,7 млн.теңге; Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі және «Нұрлы жол» несие төлемдері – 327,8 млн.теңге; әкімшілік шығындар – 46,6 млн.теңге. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша барлық табыс 795,4 млн.теңге, ал шығындар 1220,9 млн. теңгені құрады. Яғни кәсіпорын ауыз су қызметі бойынша – 425,5 млн. теңге зиянмен шықты. Жылдық қорытынды бойынша ауыз судың 1 м³ өзіндік құны 85,34 теңгені құрады. Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша тарифтік сметаның орындалуы Жоспар бойынша 2023 жылға бекітілген көлемі 10 991,03 мың текше метр болса, нақты орындалғаны 6 798,36 мың текше метр немесе 63,5% пайыз. Халық 3 748,45 мың текше метр; Жылу энергиясы саласындағы кәсіпорындар 62,86 мың текше метр; Бюджеттік мекемелер 1 389,74 мың текше метр; Тұтынушылардың басқа топтары 1 597,31 мың текше метр. Кәсіпорынның сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындары 841,0 млн.теңгені құрады, оның ішінде: шикiзат және материалдар – 7,0 млн.теңге; жанар- жағар май – 37,8 млн.теңге; энергия қуаты – 54,0 млн.теңге; еңбек ақы – 594,8 млн.теңге; инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстары – 19,3 млн.теңге; ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары – 25,8 млн.теңге; арнайы киім және арнайы тамақ – 1,4 млн.теңге; басқада өндірістік шығындар – 48,0 млн.теңге; салықтар – 15,4 млн.теңге; әкімшілік шығындар – 37,5 млн.теңге. Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі бойынша барлық шығындар 841,0 млн.теңге болса, барлық табыс 502,2 млн.теңге құрады, яғни кәсіпорын – 338,8 млн.теңге зиянымен шықты. 2023 жылға сарқынды судың 1 м³ өзіндік нақты құны 123,70 теңгені құрады. 2023 жылдың 31 желтоқсанға кәсіпорынның дебиторлық қарызы 477,4 млн.теңге, оның ішінде: халық – 434,2 млн.теңге; бюджет – 2,6 млн.теңге ; басқа да тұтынушылар – 40,6 млн.теңге. 2023 жылдың 31 желтоқсанға кәсіпорынның кредиторлық қарызы 869,2 млн.теңгені құрады, оның ішінде: Еңбек ақы – 38,9 млн.теңге; Салықтар – 431,3 млн.теңге; КТЭЦ – 60,4 млн. теңге; КРЭК – 49,2 млн.теңге; Энергосервис - 47,2 млн.теңге; Жеткізушілерге – 242,2 млн.теңге. Тыңдағандарыңызға рахмет!

СУ РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІКСайт президентаАкимат Кызылординской областиРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan