Мекеме теңгерімінде барлығы 62 кәріз насос станциялары, 426,5 шақырым кәріз жүйелері, Қызылжарма аймағында орналасқан сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясы, Тасбөгет қыстағындағы модульді биологиялық тазарту станциясы бар. Бұл құрылымдар тәулік бойы үздіксіз жұмыс атқарып, кәріз суларды бұру және тазарту жұмыстарымен айналысуда. Қала тұрғындарының 158580 адам орталық кәріз су бұру жүйесімен қамтылған (ол 58,2% құрайды).