ХАБАРЛАНДЫРУ!
ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНА ДЕЙІН МЕРЗІМІ ӨТКЕН
СУ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРТУДЕН ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы №53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы Заңында су өлшегіш құралдың пайдалану мерзімі 12 жыл, ал 4-6 жыл сайын мерзім аралық тексеруден өткізу қажет екендігін міндеттеген.
Осыған байланысты 6 жылдан аса пайдаланған су есептегіш құрылғыларыңызды ағымдағы жылдың қазан айына дейін мерзім аралық тексеруден өткізу қажет.
Мерзім аралық тексеруді арнайы аттестациясы бар ұйым жасайды олар:
- «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ,
мекен жайы Желтоқсан №140 үй
тел. 8 (7242) 23-56-54
- «Квант» ЖШС-гі , Байтұрсынов көшесі №77,
тел. 8 (7242) 27-09-90
2021 ж. 1-ші қазаннан бастап су өлшегіш құралдарыңызды мерзім аралық тексеруден өткізбеген жағдайда бекітілген су тұтыну нормалары бойынша есептеме жүргізілетіндігін ескертеміз.
"Қызылорда су жүйесі" МКК әкімшілігі