ҚҰРМЕТТІ САБАЛАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!
«Сабалақ» ауданының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету қызметі «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тапсырылуына байланысты ауыз су нысандарын кәсіпорын теңгеріміне қабылдауда.
Осыған орай, «Сабалақ» тұрғын ауданындағы жаңадан салынған ауыз су жүйелеріне қосылу үшін Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №156 мекен-жайда орналасқан «Қызылорда су жүйесі» МКК әкімшілік ғимаратының абоненттік бөліміне келіп, рұқсат қағазын рәсімдеп, жеке бет есебін ашып келісім шартқа отыруға шақырамыз!
Осы уақыттан бастап аталмыш «Сабалақ» тұрғын аудан тұрғындары пайдаланған ауыз суға төлемдерді кәсіпорынмен жүзеге асырылатынын хабарлаймыз!





